Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Газа секторының Рафах қаласындағы ауруханада жатқан 18 науқасты Еуропаға алып кетті. Олар Норвегия, Мальта, Люксембург және Румяния жеткізілген.
«Рейтердің» хабарлауынша, науқастар арасында аяқтары бірнеше жерінен сынған, ішкі дене мүшелері бүлінген, тұрақты ем мен дәрігерлік күтімді қажет ететін адамдар бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әлі 12,5 мың палестиналық бар екенін хабарлайды.
Тегтер #ДДСҰ #Газа секторы #Еуропа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz