Қытай АҚШ тауарларына баж салығын тағы көтерді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы 125%-ке дейін өсірді. Тиісті шешімді елдің Мемлекеттік кеңесі қабылдады. Ресми Бейжің: «Америка тариф енгізуді жалғастырса, бұған енді мән беруді қоямыз», - деп мәлімдеді. Осыған дейін Ақ Үй басшысы шығыстағы көршімізге салықты үсті-үстіне салып, оның көлемін кеше 145%-ке дейін жеткізген. Мұның қарымтасы ретінде Қытай америкалық тауарларға әуелде 34% салық салды. Бүгін 84%-тен 125%-ке дейін көтерді. Америка басшысы алдына келген елдерге баж салығын енгізуді 90 күнге шегерді. Алайда оның ішінде Қытай жоқ. Айта кетейік, әлемдік сауда 33 трлн долларға тең болса, соның 688 млрд доллары АҚШ пен Қытай арасындағы саудаға тиесілі.
Тегтер #Қытай #АҚШ #тауар #баж салығы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz