Қытай американдық тауарларға баж салығын тағы 125%-ға дейін көтерді.
Елдің Қаржы министрінің мәлімдеуінше, жаңа алымдар АҚШ-тың Қытай өнімдеріне енгізген деңгейіне сәйкес келеді. Осыған дейін Дональд Трамп қытай тауарларына салықты үсті-үстіне салып, оның көлемін кеше 145 пайызға дейін жеткізген еді. Мұның қарымтасы ретінде Қытай американдық тауарларға әуелде 34%, кейіннен 84%-ға көтерді. Америка басшысы 75 елге баж салығын енгізуді 90 күнге шегерді. Бірақ оның ішінде Қытай жоқ.
Тегтер #Қытай АҚШ #баж салығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz