Жасанды зердесі бар жеке көмекші. Мұндай өнім Оңтүстік Кореяда 14 сәуірден бастап іске қосылады. Стартап Сеулде таныстырылды.
Әзірлеушілердің айтуынша, бұл сұрақтарға жауап беретін жай ғана чат-бот емес, қолданушымен бірге өмір сүретін жасанды интеллект. Жасанды интеллект көмекші әңгіме тақырыбын немесе контентін өзі ұсына алады. Сондай-ақ, жеңіл тапсырмаларды орындағаны үшін қолданушыларды материалдық тұрғыда ынталандырады. Яғни қосымшаны пайдаланушы жинаған ұпайларын нақты ақшаға айырбастап, серіктес компанияларға жұмсай алады. Қазіргі уақытта жасанды зерде орнатылған көмекшінің тегін қызметін белсенді қолданушылар саны айына шамамен 5 миллион адам екен. Жаңа нұсқаны әзірлеушілер көрсеткішті екі есеге арттыруды көздеп отыр.
Джэ Сон Вон, WRTN компаниясының бөлім басшысы:
- Қолданушы жасанды интеллектпен әңгіме жүргізе алады, ал ол адамның кәсібі, проблемалары мен талғамдары туралы ақпарат жинақтайды. Жадының өнімділігі алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда 10 есе жақсарды, бұл ұзақ мерзімді қарым-қатынас ағынын сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, жасанды зерде жұмысқа тұруға қамданып жүрген 20 жастағы жасөсіпірім тәрбиесіне назар аударушы 30 жастағы адамға немесе технологияны жетік білмейтін 60 жастағы егде адамның сұранысына бейімделе алады.
Тегтер #Оңтүстік Корея #жасанды зерде #жасанды интеллект #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz