Иран мен АҚШ арасында ядролық бағдарлама бойынша келіссөз басталды. Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арагчи Дональд Трамптың талабына қарамастан келіссөздер делдалдар арқылы өтетінін мәлімдеді.
АҚШ делегациясын Стив Уиткофф басқарады. Ал делдал рөлін Оман сыртқы істер министрі атқарады. Ирандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл келіссөздің негізгі мақсаты – АҚШ 2018 жылы Трамптың бастамасымен шығып кеткен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келісімді қайта жаңғырту. Осы шешімнен кейін Вашингтон Тегеранға қарсы санкциялар енгізген болатын.
Тегтер #ядролық бағдарлама #Дональд Трамп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz