Еуропада ойыншық саудасы қатаң бақылауға алынады, деп хабарлайды 24kz.
Еуропалық Одақ балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында жаңа ережелерді енгізбек. Енді құрамында химиялық қоспасы бар өнімдерді сатуға тыйым салынады. Бұл ретте сатушы мекеменің не тұлғаның тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сай екендігін растайтын құжаты болуға тиіс. Аталған нұсқау Еурокеңесте қабылданды. Құжат Еуропарламент пен Еуроодақ елдерінің үкіметтері бекіткен соң күшіне енеді.
Тегтер #ЕуропаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz