Америкалық кино өнері және ғылымдары академиясы үздік каскадерді марапаттайтынын жариялады, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа номинация үш жылдан кейін, яғни 2028 жылы салтанатты түрде табысталады. Сол жылы «Оскар» жүлделерін марапаттаудың 100-рәсімі өтеді. Онда 2027 жылы жарық көрген кинотуындылар сарапқа салынады. Осыған дейін «Оскар» сыйлығы атақты 3 каскадерге табысталды. Жүлдені 1966 жылы Яким Канутт, 2012 жылы Хэл Нидхэм және 2016 жылы Джеки Чан алған еді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz