Оман астанасы Маскатта ядролық бағдарлама бойынша АҚШ пен Иран арасында келіссөз өтті, деп хабарлайды 24kz.
«Рейтердің» хабарлауынша, кездесу шамамен 2,5 сағатқа созылған. Тараптар Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келісіммен байланысты мәселелерге қатысты өз үкіметтерінің ұстанымдарын ортаға салды. АҚШ аталған шарттан президент Дональд Трамптың бастамасымен 2018 жылы шығып кеткен болатын. Басқосуда парсы еліне салынған санкцияларды жеңілдету жайы да талқыланды. Келіссөздердің екінші кезеңі 19 сәуірге белгіленді.
Тегтер #Оман #АҚШ #Иран #ядролық бағдарлама #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz