АҚШ смартфондар, компьютерлер мен басқа электронды құралдарға салған салықты алып тастады.
Бұл туралы Bloomberg хабарлады. Тізімде 20 түрлі тауар бар. Олар – планшеттер, модемдер, жартылай өткізгіштер, күн батареялары мен жады карталары. Жаңа ереже осының алдында 145%-тік салық салынған Қытай өнімдеріне қатысты. Тарифтерді алып тастау электронды құралдардың бағасын арзандатуы мүмкін. Әйтпесе, сарапшылар: «Apple-дің бір смартфоны 3,5 мың долларға дейін қымбаттайтын еді», - дейді. Бұл Қытайдыкінен 80%-ке жоғары.
Тегтер #электроника #салық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz