RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда EXPO-2025 көрмесі басталды

13.04.2025, 13:32 1144

Жапонияның Осака қаласында EXPO-2025 көрмесі жұмысын бастады, деп хабарлайды 24kz.

Дүниежүзілік көрменің биылғы тақырыбы «Өмір, әлем және болашақ» деп аталады. Бүгін қалада жаңбыр жауып, күн суытты. Бірақ қолайсыз күн райына қарамастан ашылу алдында сыртта кезек көп болған. Осакада EXPO осыдан 55 жыл бұрын өткен болатын.

Айта кетейік, биылғы көрме қала маңындағы Юмэсима жасанды аралында өтіп жатыр. Мұнда әлемдегі ең ірі ағаш сәулет құрылымы салынған. Аумағы 2 шақырымды қамтиды.

«Көрмеге қазан айына дейін 28 миллионнан астам адам келеді», - деп күтіп отыр ұйымдастырушылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz