Қытайда да күн райы оңалмай тұр. Елдің солтүстік-батысында синоптиктер қауіп-қатердің қызғылт-сары деңгейін жариялаған. Өйткені кеше басталған боран бүгін одан сайын күшеюі мүмкін.
Қолайсыз күн райына байланысты жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді. Тіпті салмағы 50 келіге жетпейтін тұрғындарға сыртқа шықпау туралы ескерту жасалды. Осының алдында Ішкі Моңғолия автономды ауданында қалың қар жауып, ақтүтек бораннан, түк көрінбей кеткен. Республикалық және аймақтық тасжолдарда көлік қозғалысы шектелді. Негізі бұл уақытта Моңғолия жақтан құмды дауыл келетін, бірақ осы жолы қар жауып, күн күрт суытқан. Сарапшылар: «Бұл климаттың өзгеруінің нәтижесі», – деп мәлімдеді.
Тегтер #Қытай #боран #ауа райы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz