АҚШ-та тағы да әуе апаты. Нью-Йорк штатында жеңіл моторлы ұшақ құлап, 1 адам опат болды.
Әуе көлігі Копейк қаласының маңында апатқа ұшырады. Ол Колумбия округінің әуежайын бет алып бара жатқан. Бортында 6 адам болған. Барлығы – бір отбасының мүшелері. Оқиға себептері әзірге белгісіз. Тергеу басталды. Таяуда ғана Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы Гудзон өзеніне тікұшақ құлап, 6 адам ажал құшқан еді.
Тегтер #Нью Йорк #ұшақ апаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz