RU
Толық нұсқаға өту

Қытайдың қор нарығы тұрақталып келеді

14.04.2025, 11:20 466

Қытайдың қор нарығы тұрақтала бастады. Бұған шығыстағы көршіміздің валюталық интервенция жасауы себеп.

Нәтижесінде елдегі 30 ірі технологиялық компанияның әл-ахуалын көрсететін Hang Seng Tech индексі 2,59%-ке өсті. Ал Қытайдағы бағалы қағаздардың жалпы құнын көрсететін Hang Seng China Enterprises индексі 2%-ке көтерілді. АҚШ-тың Қытай тауарларына баж салығын көтеруі елдің қор нарығында дүрбелең туғызған еді. Осы себепті билік биржадағы саудаға араласуға мәжбүр болды. Елде ең ірі инвестициялық компаниялар кіретін «ұлттық команда» құрылды. Сарапшылар: «Бұл инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында жасалып отыр», – дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz