АҚШ үкіметі Гарвард университетіне қаржы беруді тоқтатты. Студенттерге грант есебінде табысталуға тиіс екі млрд-тан астам доллар, сондай-ақ басқа келісім-шарттарға арналған 60 млн доллар бөлінбейтін болды.
Елдің Білім министрлігі университет Ақ үйдің талаптарын орындаудан бас тартқанын айтады. Саясаткерлер шетелдік студенттерді қабылдау жүйесіне аудит жасағалы отыр. Сонымен қатар Гарвардқа әралуандық, теңдік және инклюзия бағдарламасынан бас тарту талабы қойылды. Алайда университет басшылығы: «Мұндай шарттар академиялық бостандық құқығына қайшы», - дейді.
Тегтер #Дональд Трамп #Гарвард #қаржы #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz