АҚШ кәсіпкерлері президент Дональд Трамптың тариф саясатына қатысты Халықаралық сауда бойынша сотқа шағым түсірді.
Олар бұл салықты заңсыз деп табуды талап еткен. Кәсіпкерлер: «Ақ үй басшысы Конгрестің мақұлдауынсыз қосымша импорттық шектеулер енгізуге құқылы емес» деп есептейді.
Шағымды шағын бизнеспен айналысатын 5 компания өкілі түсірген. Олар қазірдің өзінде үлкен шығынға батқан. Арызда осы шығынды өтеу талабы да бар. Естеріңізге сала кетейік, Трамп сәуірдің басында әлемнің көптеген елдеріне қарсы салық енгізген болатын. Кейін біраз елге тариф жариялау 90 күнге шегірілген.
Тегтер #АҚШ #кәсіпкерлер #Трамп #тариф саясаты #шағым #сотPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz