RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ қаржыландыруды тоқтатқаннан кейін 70 елдегі жағдай қиындады

16.04.2025, 07:12 456

Әлемнің 70 елінің денсаулық сақтау саласында қиындық туындады.

Оған АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуы себеп. Бұл туралы халықаралық агенттік директоры Тедрос  Гебрейесус мәлімдеді. Ол қазір ұйымның жоспарланған жұмыстарына 600 млн доллар жетпей тұрғанын айтады. Қазір осының салдарынан кей елдерде медициналық мекемелер жабылып, қызметкерлер жұмыссыз қалған. Ал басқа мемлекеттер бюджетін қайта қарастыруға мәжбүр. «Сондықтан алдағы уақытта темекі не алкоголь секілді адам денсаулығы үшін зиян тауарларға салықтың көтерілуі мүмкін», - дейді ұйым басшысы.

Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен кейін бірден Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын жария еткен еді. Ол өзге елдермен салыстырғанда АҚШ-тың халықаралық агенттікке көп жарна төлейтінін айтып, мұны әділетсіздік деген еді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz