Гонконгтың пошта қызметі АҚШ-қа құрлық және теңіз арқылы жіберілетін тауары бар сәлемдемелерді қабылдауды шұғыл түрде тоқтатады.
Жаңа шектеу 27 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұған Ақ үй енгізген тарифтер себеп. Гонконг үкіметі «АҚШ билігі салған салық ақылға сыймайтын әрекет» деп айыптады. Президент Дональд Трамп әкімшілігі 2 мамырда Қытай мен Гонконгтан пошта жіберілімдері үшін салықсыз режимді алып тастайтынын айтқан болатын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #салық #АҚШ #Қытай
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz