Ирактың оңтүстік-шығысында құмды дауылдан зардап шеккендер саны 3700-ге жетті.
Олардың бәрі дәрігерлерге «тұншығып қалдым, тамағым ауырды, жөтел пайда болды, тұмау тиді» деп шағымданған. Науқастардың жартысынан көбі ауруханаға жатқызылды. Табиғи апаттан әсіресе Ән-Наджаф және Басра қалалары зардап шекті. Әуе рейстері кейінге шегерілді. Тұрғындар бетперде киюге мәжбүр. Билік үйден шықпауға кеңес беріп жатыр. Иракқа құмды дауыл Сауд Арабиясы жағынан келген. Дауылдың туындауына әдетте жауын-шашынның аздығы, шөлейттену мен климаттың өзгеруі әсер етеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ирак
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz