RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ экономикасына туризмнен түсетін табыс азайды

16.04.2025, 20:51 589

АҚШ экономикасы биыл бір ғана туризмнен түсетін 90 миллиард долларға дейінгі кірістен қағылуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Goldman Sachs инвестициялық банкі мамандарының болжамы осындай. Алғашқы тоқсанның өзінде Америкаға келген шетелдік демалушылар саны 12%-ке кеміген. Оған көші-қон ережелерінің қатаңдатылуы себеп. Сосын Дональд Трамптың мәлімдемелері де әсер еткен. Ол Канаданы АҚШ-тың 51-ші штаты қылғысы келетінін айтқан. Сөйтіп, көрші елден келетін турист саны бірден 90%-ке кеміді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz