RU
Толық нұсқаға өту

Шетелде жұмыс істегісі келетін америкалықтар көбейді

17.04.2025, 07:35 364

Ұлыбританияда жұмыс істегісі келетін америкалықтар қатары көбейді.

Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлайды. Оған АҚШ-тағы федералдық бағдарламаларға бөлінетін қаржының азаюы және жаппай қысқартулар себеп. Дональд Трамп билікке келгелі АҚШ-тың Үкімет тиімділігі департаменті құрылған. Миллиардер Илон Маск басшылық ететін бұл агенттіктің тексерулерінен кейін жаппай қысқартулар жүріп жатыр. Биыл 3 млн-дай мемлекеттік қызметкердің 200 мыңы жұмыссыз қалды. Бұдан бөлек «сауда соғысы АҚШ экономикасына кері әсер ете ме деген алаңдаушылық артқан. «Америкалықтардың шетелдегі жұмысқа ұмтылуының бір себебі де осы», - дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz