Дүниежүзілік туризм ұйымының дерегі бойынша әлем демалысқа лайық орындардың тек 5 пайызын ғана пайдаланады.
Бұл туристер білмейтін аймақтардың көп екенін аңғартады. Осыны ескерген мамандар биыл саяхатшылар үшін қызық боларлық бағыттар тізімін жасады. Апулия аймағы Италияның оңтүстік-шығысында орналасқан. Бұл жер тек тұмса табиғатымен ғана емес, сәулет өнерімен де таңғалдырады. Жергілікті қонақ үйлер фермаларға ұқсас етіп салынған. Мұнда ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне кіретін нысандар көп. Былтыр аймақта 15 млн турист демалған. Биыл одан да көп болады деп болжанған.
Сарапшылар Словенияның туристік әлеуеті зор екенін айтады. Ал мұндағы Нова-Горица қаласын Еуропаның бейресми мәдени орталығы деп те атайды. Мамандар Словения туристерді табиғатымен де тамсандырады дейді. Өйткені ел аумағының 60 пайызын ормандар алып жатыр. 9 жыл бұрын Орталық Еуропадағы бұл мемлекет әлемдегі алғашқы жасыл бағыт ретінде тіркелген. Осыған байланысты туристік сала мамандары кейінгі уақытта шетелдік саяхатшылар тарапынан қызығушылықтың арта бастағанын айтады.
Мамандар саяхатшылар үшін биыл қызық болатын Еуропадағы үздік бағыттар қатарына Парижді қосты. Былтыр қалада жазғы Олимпиада ойындары өткен. Осыдан кейін бағалар төмендеген. Биыл жергілікті метромен жүру жағы жеңілдеген. Оның үстіне мамандар әйгілі Нотр-дам-де-Пари шіркеуінің өрттен кейін қайта ашылуы да туристердің қызығушылығын арттыратынын айтады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #курортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz