Израиль әскері Газа секторы, Ливан мен Сирияның басып алынған аумақтарында белгісіз мерзімге дейін қалады.
Елдің Қорғаныс министрі Исраэль Кацтің мәлімдеуінше қарулы күштер радикал топтардың шабуылынан қорғану үшін қажет. Израиль Ливанның оңтүстігінде 5 стратегиялық аумақты бақылауына алған. Сондай-ақ олар Сирияның күнгейінде Голан жотасына жалғасып жатқан аймақты күзетеді. Бұдан бөлек, ресми Тель-Авив Газа секторымен шекара бойындағы буферлі аймақты кеңейтуді көздеп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Газа #Сирия #әскерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz