Азия қор нарығы АҚШ пен Жапонияның тарифтерді жеңілдету бойынша келіссөзінен кейін өсті.
Токио Nikkei 225 – 1,5 пайызға артқан. Оңтүстік кореялық KOSPI өсімі 1 пайызға жуықтады. Гонконгтің Hang Seng индексі де 1,5 пайыздан асқан. Бірақ Shanghai Composite сәл төмендеді. Осының алдында Ақ үйде Жапония тауарларына қатысты тарифтерді азайту және екі жақты сауда-саттықты нығайту бойынша келіссөз өткен болатын. Кездесуде ешқандай құжатқа қол қойылмаған, бірақ сәуірдің аяғында тағы келіссөз өткізу жоспарланды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Жапония #тарифтер
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz