Пуэрто-Рико халқының үштен бірі, демек бір миллион адам жарықсыз қалды. Елдегі электр станцияларында ақау болып, генераторлар істен шыққан. Апат салдарын жоюға 2-3 тәулік қажет.
Кәріб теңізіндегі аралдық мемлекетте энергетикалық инфрақұрылым нысандарының көбі тозған. 8 жыл бұрынғы алапат дауылдан кейін ахуал тіптен қиындап кеткен. Тұрғындар мұндай жағдай жиі қайталанатынын айтып шағымданып отыр. Соңғы рет Жаңа жыл алдында ғана халық жаппай жарықсыз қалған еді.
Сауалнама:
- Біз мынадай жағдайға үйреніп қалдық. Билік экономикалық өсім туралы айтады. Ал біз жарықсыз отырмыз.
- Жарықтың жоқтығынан бүгін жаттығу залын жабуға тура келді. Пуэрто-Рикода әлемдегі ең қымбат электр энергиясының бірі. Соның өзінде төлемдерді кешіктірмейміз. Бірақ жарықсыз отыруға мәжбүрміз.
Тегтер #Пуэрто Рико #жарық #электр станциясы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz