АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қытайдан келетін өнімдерге салық салуы америкалық шаруалардың өзіне соққы болып тиді.
Өйткені азиялық ел де қарап қалмай, Америкаға қарсы тарифтер енгізген. Былтыр Қытай Штаттардан 24 млрд 650 млн долларға майбұршақ, жүгері сияқты дақылдар сатып алған. АҚШ-та өндірілетін майбұршақтың жартысы шетелге экспортталады. Оның көп бөлігін Қытай алатын. Трамп тарифтерінен кейін америкалық дәнді дақылдардың бағасы күрт құлдырады. АҚШ шаруалары бұған дейін 40 сотық өнім үшін кемінде 50 доллар табыс алатын. Қазір бұл кіріс 25 долларға әрең жетеді. Америкалық диқандар бұл қаржы өндіріс шығындарын мүлде өтей алмайды деп зар қағып отыр.
Брайант Кагай, шаруа қожалығының иесі:
- Жүгері, майбұршақ, бидай өсіру – біздің ата кәсібіміз. Мен әулетімде осы шаруашылықты жалғастырып келе жатқан төртінші буынмын. Бұл іспен атам, әкем – бәріміз бірге айналысамыз. Басқа елдерге тарифтер енгізу жақсы идея емес. Олар да бізге қарымта қайтарады. Соның кесірінен бәрі қымбаттайды, ал біздің өніміз арзандап қалады. Бізге үнемі химиялық заттар, тыңайтқыштар керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Трамп #салықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz