RU
Толық нұсқаға өту

Йемен астанасында мыңдаған адам АҚШ-тың саясатына қарсы шықты

19.04.2025, 09:40 560

Йеменде мыңдаған адам ел астанасы Сана көшелеріне шығып, наразылық танытты. Жұрттың ашуын тудырған басты мәселе – АҚШ-тың Йемендегі жанармай портына жасаған әуе соққысы.

Бұл жолы Американың әскери шабуылынан 58 адам қаза болды. Йемендік көтерілісшілер палестиналықтарды қолдау мақсатында Қызыл теңіздегі шабуылдарын үдете түсті. Олар еврей билігінен Газа секторындағы әскери операцияны тоқтатуды талап етіп отыр. Талап орындалмаса, Израиль мен оның одақтасы АҚШ-қа қатысы бар барлық кемелерді атқылауын доғармауға бекініп отыр. Бұған жауап ретінде америкалықтар өткен айда Йемендегі хуситтерге қарсы ауқымды операция бастады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz