RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторында бір күнде 64 адам қаза болды

19.04.2025, 13:40 656

Газа секторында кейінгі бір тәулікте Израиль әскерінің шабуылынан 64 адам қаза болды. Тағы ондағаны жарақат алған. Әл-Жазира телеарнасының хабарлауынша, атыс-шабыстан тұрғын үйлер мен ауруханалар зақымданған. Еврей елінің өкілдері мұнда ХАМАС мүшелері жасырынғанын айтады.

Естеріңізде болса, бір ай бұрын Израиль Газадағы әскери операциясын қайта бастаған еді. Осылайша тұтқындарды босатудан бас тартқан палестиналық ХАМАС ұйымына қысым көрсетпек. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz