Римде АҚШ пен Иран арасында ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды 24kz.
Ол Оман арағайындығымен жалғасуда. Басқосуға АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі мен Иранның Сыртқы істер министрі қатысып жатыр. Олар тура бір апта бұрын Оман астанасында келіссөздің бірінші кезеңінде кездескен еді. Ол кезде ресми Тегеран америкалықтардан санкцияларын алып тастауды сұраған. Орнына уранды байытудың 2015 жылғы Вена келісімінде көрсетілген көрсеткішіне оралуға дайын екенін жеткізген.
Тегтер #Рим #АҚШ #Иран #Келіссөз #ядролық бағдарламаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz