Қытай басшысы Си Цзиньпин Оңтүстік-Шығыс Азияны аралап шықты. Оның сапары АҚШ-пен арадағы сауда текетіресінде ұтылмас үшін аймақ елдерімен экономикалық және дипломатиялық байланыстарды нығайту мақсатын көздеген.
Цзиньпин Вьетнаммен логистика, инфрақұрылым және қорғаныс салалары бойынша, ал Камбоджа үкіметімен кеден бақылауын күшейту және денсаулық сақтау бойынша және Малайзия билігімен сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы экспортын кеңейтуге байланысты ынтымақтастыққа қол қойды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға қысым жасауын жалғастырып жатыр. Ол азиялық ел тауарларына салықты 245%-ке көтеруді жоспарлап отыр.
Тегтер #Си Цзиньпин #Дональд Трамп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz