АҚШ-тың Иллинойс штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды, деп хабарлайды 24kz.
NBC телеарнасының хабарлауынша, алқапқа құлап, сынықтары тас жолға шашыраған әуе көлігінде 2 әйел мен 2 ер адам болған. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ электр желісін іліп әкеткен. Құзырлы орган мамандары қайғылы оқиға орнында тергеу жүргізіп жатыр.
Тегтер #АҚШ #апат #тергеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz