Йеменде АҚШ-тың әуе соққыларынан 80 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Әл-Ходейда провинциясындағы мұнай терминалын бомбаланған. Құрбандар арасында теңіз айлағының қызметкерлері мен алғашқы әуе соққыларынан кейін оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасының мүшелері бар.
«Әл-Жазира» тағы 150-ге жуық йемендік жараланғанын хабарлады. АҚШ кейінгі 2 күнде 13 әуе шабуылын жасаған. Пентагон аталған мұнай терминалда хуситтер Қызыл теңіздегі операцияларына қажетті жанармай сақтаған дейді. Бірақ Йемен билігі: «Бұл нысан тек азаматтық мақсатта пайданылды, оның әскери инфрақұрылымға еш қатысы жоқ», - деп мәлімдеген. Терминал ауруханалар, кәсіпорындар мен гуманитарлық қызмет орындарын жанармаймен қамтамасыз еткен. Біріккен ұлттар ұйымы тараптарды халықаралық құқық талабын сақтауға шақырды.
Тегтер #Йемен #АҚШ #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz