Әлемде алғаш рет 10G байланысы іске қосылды. Әзірге ол Бейжіңге жақын Сюнъань ауданында сынақтан өткізіліп жатыр. Мамандар байланыс жұмысы тұрақты дейді.
Белгі болғандай, байланыстағы кідіріс бар болғаны 3 миллисекундты ғана құраған. Бұл қазіргі технологиялардың жылдамдығынан ондаған есе артық. Ел билігі 10G өту цифлық инфрақұрылым үшін жаңа мүмкіндіктер ашады дейді. Жоғары өткізу қабілеті 8K форматындағы видео, бұлттық сервис, сондай-ақ виртуалды және үстеме шынайылық технологияларымен жұмысты жеңілдетеді. Қазір Қытайда 5G ұялы байланысы кеңінен қолданылады. 4 млн-нан астам базалық станция бүкіл елді қамтамасыз етіп тұр. Үкімет Ұлттық цифрландыру стратегиясының аясында 10G енгізу мақсатында 168 пилоттық жобаны қаржыландырған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #интернет #байланыс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz