Мыңдаған америкалық президент Дональд Трамп саясатына қарсы шеруге шықты.
Наразылық шаралары елдің ірі қалалары - Вашингтон, Нью-Йорк, Чикаго, Сан-Франциско мен Лос-Анджелесті қамтыған. Ереуілшілер Ақ үй басшысы бір өзі билеп-төстеп отыр және заңсыз мигранттарды сот жүргізу ісінсіз елден қуып жатыр деп айыптайды. «Рейтер» тұрғындардың жаппай бас көтеруіне федералдық қызметкерлердің жұмыстан қуылуы, тұтас агенттіктердің жабылуы және қарттарға зейнетақы, мүгедектігі бар азаматтарға жәрдемақы төлейтін Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерін қысқарту да себеп болып отыр. Ақ үйдің жанына жиналғандар Трамптың биліктен кетуін талап етті. АҚШ президентінің танымалдығы төмендеп барады. «Рейтер» сауалнамасында Трамптың рейтингі ұлықтау рәсімінен бері 4 пайызға құлдырады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Трамп #саясат
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz