Оңтүстік Корея АҚШ тарапынан жаңа сауда шектеулері енгізілсе де, америкалық тауарларға қарымта салық салмайды.
Бұл туралы ел Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Су мәлімдеді. Мұндай шешім қабылдауға Кореядағы соғыстан кейінгі кезеңде АҚШ-тың тарихи көмек көрсетуі себеп. Ол кезде Вашингтон Сеулге экономикасын күшейтіп, шетелдік инвестициялар тартуға жол ашқан технологиялар мен қаржы берген болатын. Хан Док Су екі ел арасында еркін сауда туралы келісімнің барын алға тартады. Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп 2 сәуірде Оңтүстік Кореяға 25 пайыз көлемінде салық енгізген болатын. Бірақ кейін ол бұл тарифтерді 90 күнге шегерді. Бұл келіссөздер жүргізу үшін қажет болған. Сеул Ақ үймен арадағы стратегиялық серіктестікті сақтауға және қазіргі күрделі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге мүдделі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #корея #АҚШ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz