АҚШ-та Пентагон басшысының басы дауға қалды.
Пит Хегсет Құрама Штаттарының Йемендегі әскери операциясы туралы құпия деректі отбасылық чатта таратқан. New York Times-тың мәліметінше, мемлекеттік маңызы бар ақпаратты әйелі мен ағасы және жеке заңгері оқыған. Пентагон басшысы ақпаратпен алмасу үшін жеке смартфонын қолданған. Сондай-ақ «Сигнал» мессенждеріндегі чатты АҚШ Қорғаныс министрі өзі ашқан көрінеді. Осыған дейін Ақ үй әкімшілігінің шенеуніктері «The Atlantic» журналының редакторын абайсызда құпия чатқа қосып, Құрама Штаттардың Йемендегі хуситтерге қарсы әскери операциясының басталуы туралы ақпарат тарап кеткен еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Пентагон #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz