Йеменде АҚШ-тың әуе шабуылынан 12 адам ажал құшып, тағы 30-ы жарақат алды. Қаралы тізім әлі өсуі мүмкін.
Себебі үйінділер астында адамдар бар. Ұшақтар ел астанасы Санадағы базарлардың бірін бомбалаған. Құрама Штаттары әуе шабуылына қатысы бар екенін әзірге растаған жоқ. Айта кетейік, йемендік көтерілісшілер Израильден Газа секторындағы әскери операцияны тоқтатуды талап етіп отыр. Егер оны одан бас тартса Израиль мен АҚШ-қа қатысы бар кемелерді атқылауды жалғастыратынын айтады. Бұған жауап ретінде америкалықтар өткен айда Йемендегі хуситтерге қарсы ауқымды операция бастады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ұшақ апатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz