Халықаралық DHL логистикалық компаниясы АҚШ-қа жүк тасымалын шектеді.
Бүгіннен бастап Құрама Штаттарға құны 800 доллардан асатын тауарлар жіберілмейді. Мұндай шара жеке тұлғаларға енгізілді. Кәсіпкерлер бұл қызмет түрін әзірге қолдана алады. Дональд Трамп импорттық тауарларға баж салығын көтергеннен кейін, 5 сәуірден бастап АҚШ-қа құны 800 доллардан асатын жүктерге құжат толтырылатын болды. Бұл халықаралық логистикалық компанияның жұмысын едәуір ауырлатты. Сондықтан DHL осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #нарық #тасымалPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz