RU
Толық нұсқаға өту

Көлік жүргізушісі 52 радарды мылтықпен атып, істен шығарды

21.04.2025, 14:22 768

Өзбекстанның Әндіжан қаласында көлік жүргізушісі көшеде ілінген 52 радарды пневматикалық мылтықпен атып, істен шығарды.

49 жастағы тұрғын үнемі камераға түсіп, қомақты айыппұл арқалап жүріпті. Ашуға булыққан ол, 29 көшедегі камераларды атып, ізін жасырған. Полиция күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғап, қолға түсірді. Қала тұрғыны өзінің әрекетін толық мойындады. Тергеу амалдары көрсеткендей, сынған 52 радардың құны 1 млрд 147 млн сумға бағаланды. Бұл біздің ақшаға ауыстырғанда, 46 млн теңге. Жүргізуші мемлекетке келтірген шығынды толық өтеуі тиіс. Жалпы биылдан бастап Өзбекстанда жол ережесін бұзғандарға айыппұл көлемі 50 пайызға өсіп, заң қатаңдатылды. Балдық жүйе енгізілді.  Егер жүргізуші бір жылдың ішінде 12 рет тәртіп бұзса, куәлігінен айырылатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz