АҚШ-та second hand киімдеріне сұраныс артты.
Елде импорттық баж салығы өскеннен кейін сырттан келетін киім де қымбаттап барады. Бұл америкалықтардың қалтасына салмақ сала бастаған. Бір қызығы америкалық киім шығарушы компаниялардың басым бөлігі жұмыс күші арзан елдерде орналасқан. Сөйтіп, құрама штаттарда second hand саудасы қыза түскен.
Ханна Лэрд, жергілікті тұрғын:
- Менің екі балам бар. Кейінгі айда киім-кешек қымбаттап кетті. Оған азық-түлік, жөргек сияқты шығынды қосыңыз. Ал брендтік киімдер осы second hand дүкендерінде әлдеқайда арзан. Сондықтан осылай ақшамызды үнемдеуге мәжбүрміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #салықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz