RU
Толық нұсқаға өту

Рим папасы Франциск инсульт пен жүрек-қан айналымының бұзылуынан қайтыс болды

22.04.2025, 09:20 716

Ватикан өкілдері Рим папасы Францисктің дүниеден өтуінің себебін жариялады.

Олардың айтуынша, понтифик инсульт және жүрек-қан айналымының бұзылуынан ауырған. Кесел дендеп, комаға түскен. Католик шіркеуінің басшысы Пасха мерекесінің таңында, яғни 2025 жылы 21сәуірде таңғы 7:35-те Каса-Санта-Мартадағы резиденциясында өмірден өтті. Франциск биыл ақпан айында тыныс ауруына шалдығып, төсек тартып қалған еді. Бронхитті емдеу үшін Римдегі клиникада 40 күн бойы жатты. Сол аралықта понтификтің тынысы 4 рет тоқтап қала жаздап, дәрігерлер оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға мәжбүр болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz