RU
Толық нұсқаға өту

Лондонда Украина бойынша келіссөз өтеді

22.04.2025, 11:18 768

Ертең Лондонда Украина мәселесі бойынша келіссөз өтеді. Оған ЕуроОдақ, АҚШ және Украина өкілдері қатысады.

Мұны Президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми Киев ұрыс қимылдарын біржола тоқтатуын талап етеді. Айта кетейік, тараптар өткен аптада Парижде бас қосты. Ресми Вашингтон: «Украина НАТО-ға қосылудан бас тартуы тиіс»,- дейді. Сондай-ақ АҚШ қарулы қақтығыстар тоқтағаннан кейін Ресейге қарсы экономикалық қыспақты азайтуға шақырды. Лондондағы келіссөзде осы ұсыныстар қаралуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz