АҚШ-та Гарвард университеті Ақ үй әкімшілігін сотқа берді, деп хабарлайды 24kz.
Бұған Президент Дональд Трамптың жоғары оқу орнына бөлінетін 2 млрд доллардан аса қаржыны тоқтатуы түрткі болды. Университет басшылығы Ақ үй әкімшілігін оқу орнының ішкі мәселелеріне араласып, билігін жүргізуге ниетті деп айыптап отыр.
Айта кетейік, Ақ үй әкімшілігі Гарвардтан әралуандық, теңдік және инклюзия бағдарламасынан бас тартуын талап етіп отыр. Университет басшылығы болса: «Мұндай іс-әрекеттер академиялық еркіндік құқығына қайшы», - дейді. Трамп әкімшілігі жоғарғы оқу орнының сотқа шағымы бойынша әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.
Тегтер #Ақ үй #қаржы #сот #шағымPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz