RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде зергерлік бұйымдар саудасы саябырсыды

22.04.2025, 18:15 612

Алтынның қымбаттауы кей елде зергерлік бұйымдар нарығына да кері әсер етті, деп хабарлайды 24kz.

Мәселен, Дубайда одан жасалған әшекейлер саудасы едәуір саябырсыған. Әмірлікте былтыр да әлем нарығында бағалы металл 27% қымбаттағанда осындай үрдіс байқалған. Дүниежүзілік алтын кеңесінің дерегінше ол кезде елде зергерлік бұйымдарға сұраныс 13%-ке төмендеген. Жалпы бұл мемлекетте алтынды инвестиция ретінде сақтау дәстүрі кеңінен тараған. Бірақ қазір арабтар алтын орнына гауһар тасты таңдағанды жөн санайды екен. Ал АҚШ-тың ең ірі инвестициялық компанияларының бірі Goldman Sachs жыл аяғына дейін бағалы металдың құны 4500 долларға дейін көтеріледі деп болжап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz