Кітап туралы көпшілік біле бермейтін қызықтар көп. Ең алғашқы кітаптар қалай жасалды? Бүгінде ең үлкен кітапхана қай елде орналасқан? Оқырмандар іздеп жүріп оқитын шығармалар қандай?
Ең алғашқы кітап ежелгі Египетте шамамен төрт жарым мың жыл бұрын пайда болды. Оны Нілдің батпақты жағалауларында өсетін қамыс папирусынан жасаған. Арнайы әдіспен өңделген соң өсімдік талшықтары жұқа жазба парақтарына айналған. Ал жазу кезінде қамыс таяқшасы қолданылған. Осылайша, VII ғасырдан бастап қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алып, кітапты көшіріп жазуға машықтанған адамдар мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.
Әлемдегі ең көп сатылымдағы кітаптар
Тарихтағы ең танымал кітап – «Киелі кітап» саналған. Ол алғаш рет XV ғасырдың ортасында жарық көріп, әлі күнге дейін оқырман қолынан түспей келеді. Бүгінге дейін ол әлемнің 2000 тіліне тәржімаланып, 5 миллиардтан астам данасы сатылған. Рейтингтің екінші сатысында танымал жазушы Агата Кристидің шығармалы тұр. Оның танымал детективті туындысын 2 миллиардтан астам адам оқыпты.
Әлемдегі ең үлкен кітап
Ең үлкен кітап 2012 жылы Дубайда жарық көрді. Оның салмағы бір жарым мың келі. Ені 5-тен 8 метрге дейін. Діни мазмұндағы еңбекті жасауға 50 шақты адам қатысқан. Оқырмандарға сатып алуға тиым салынған. Жинақ сауда орталықтарының бірінде қойылған. Сол жерден алып ұстап көруге, қызықтауға рұқсат берілген.
Әлемдегі ең үлкен кітапхана Вашингтонда
Конгресс кітапханасы – жер жаһандағы ең үлкен кітапхана. АҚШ Конгресінің ғылыми кітапханасы Вашингтонда орналасқан. Мұнда жалпы кітап қоры 470 тілдегі 38 миллионнан астам еңбек бар. Оны кез келген қарапайым тұрғын алып оқи алмайды. 1899-1939 жылдары аралығында кітапхананы Герберт Патнем басқарды. Ол кітаптарды сұрыптаудың ыңғайлы жүйесін енгізді.
Әлемдегі ең алғашқы кітапхана
Пергам кітапханасы б.з.б. III ғасырда салынған. Қазіргі Түркияның аумағында орналасқан танымдық нысан бір кездері 200 000 шиыршықтан тұратын қазына қорына ие болған. Жазба деректерде бұл тарихи орын гректердің даналық құдайы Афинаға арналған ғибадатхана кешенінде орналасқан делінеді. 4 бөлмеге бөлінген аумақтың үшеуі кітапхананың қажеті үшін, ал біреуі жиын-басқосулар үшін кездесу орны саналған. Пергам кітапханасы өз дәуірінде жұрт арасында аса танымал болған.
Тегтер #кітаптар #кітапхана #қолжазбаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz