Египет пен Қатар Газа секторындағы атысты тоқтату бойынша жаңа келісім дайындады, деп хабарлайды 24kz.
Қос мемлекет Израиль мен палестиналық ХАМАС ұйымын бітімге келтіруге тырысып, арағайындық танытып жүр. Олардың қазіргі ұсынысы бойынша еврей елі аймақтан әскерін толық шығаруы тиіс. Барлық израильдік тұтқындар жіберіліп, палестиналық сотталушылар босатылуы керек. Жанжалдасушы тараптар бұл келісімге қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ. Өткен аптада ХАМАС Израиль ұсынысынан бас тартқан еді. Палестиналық ұйым қаруды тапсыру туралы талапқа келіспей отыр.
Тегтер #Израиль #ХАМАС #атыс #Газа секторыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz