Әлемде 130 млн-ға жуық кітап бар. Бұл барлық әдеби, публицистикалық, ғылыми шығармаларды есептеп шыққан Google-дің дерегі.
Кітап - қашан да құнды дүние. Тіпті қазірде түрлі бәссаудаларда ежелгі кітаптар миллиардтаған қаражатқа сатылып та жүр.
Присс папирустары - б.з.б 3 350ж.
Әлемдегі ең ежелгі кітап - Присс папирустары. Б.з.б. 3 350 жылы жазылған. Бұл қолжазба, оны 1839 жылы Ежелгі Мысыр қаласы Фивадан тапқан Эмиль Присстің құрметіне осылай аталған. Онда – жастардың тәрбиесі, мінез-құлықтары туралы жазылған.
Этрусктардың алтын кітабы - б.з.д 660ж.
Ең көне әрі көп беттік тағы бір кітап - Этрусктардың алтын кітабы. Б.з.д. 660 жылы пайда болған. Ұзындығы 5, ені 4,5 сантиметрлік пластиналарда этрус тілінде жазылған мәтіндер, сондай-ақ жылқының, салт аттының, сиренаның, лираның және әскери адамдардың бейнелері суреттелген.
Наг-Хаммади кодекстері - 1945 жылы табылған
Наг-Хаммади кодекстері 1945 жылы Мысырдың Наг-Хаммади ауылында табылған. Ол 13 былғары папирустан тұрады. Копт тілінде жазылған және грек тіліндегі түпнұсқасынан көшірілген. Қазірде аталған туынды Мысырдың Каир қаласындағы Коптс мұражайында сақтаулы.
Кутберт Евангелие - Еуропадағы ең ескі кітап
Кутберт Евангелие. Еуропадағы ең ескі кітап. 2012 жылы британдық кітапхана 9 млн фунт стерлингке сатып алған. Бұл теңгемен 6 миллиардтай.
Кітап ұрлау – қылмыспен тең
Ал әлемдегі ең ежелгі кітапхана – Ашшурбанипал кітапханасы. Бұл жәдігер біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда іргетасы қалаған. Қазіргі Ирактың Ниневе қаласында орналасқан. Бұл кітапханада 30 000-ға жуық материал сақталған. Маңыздысы, бұл жерде 4 000 жылдық тарихы бар «Гильгамеш дастаны» және бірнеше әдеби шығарманың түпнұсқасы сақталыпты. Тарихи деректерге қарағанда, кітапқұмар Ассирия билеушісі Ашурбанипал Вавилоннан және басқа жаулап алған аймақтардан құнды шығармаларды талау арқылы өзінің кітапханасының көп бөлігін жасақтаған. Олардың көпшілігі қазір Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. Бір қызығы, билеуші Ашурбанипал кезінде көптеген кітапты зорлықпен жинап алған көрінеді.
Ал ғылымда кітап ұрлаушыларды библиоклептоман деп атайды. Әлемдегі ең атақты кітап ұрысы – Стивен Блумерг. Ол 270 кітапханадан 23 мыңға жуық таңдаулы шығармаларды ұрлаған. Оның кітапхана қорының құны 20 млн доллардан асады. Жалпы кітап ұрлау - көп елде қылмыспен тең.
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында қоғамдық кітапханалардан кітап ұрлау немесе бүлдіру ауыр қылмыс. Егер ұрланған мүліктің құны 26 мың теңгеден аз болса, айыпталушы 1-санаттағы құқық бұзушы ретінде жазаланады. Егер кітап құны аталған сомадан асатын болса, айыпты түрмеге қамалады.
Ұлыбританияда кітап ұрлау немесе кітаптарды бүлдіру қылмыс болып саналады. Мысалы, 2009 жылы ирандық ғалым Фархад Хакимзадеh XVI ғасырдағы кітаптардың беттерін кесіп алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Ең ауыр кітап
Дүниедегі ең ауыр кітап Британия музейінде сақталған ХVII ғасырға тиесілі географиялық атлас екенін білесіз бе? Ол кітаптың ұзындығы – 190см, ал салмағы – 320 келі.
Ең қымбат шығарма
Әлемдегі ең қымбат шығарма Леонардо да Винчидің өз қолымен көшіріп жазған «Лейчестер кодексі» кітабы. Оны «Майкрософтың» негізін салушы Билл Гейтс 1994 жылы Нью-Йорктағы «Сотбис» аукционында 30,8 млн долларға сатып алған.
Ең көп қаламақы
Дүниедегі ең көп қаламақы Рим императоры Марк Аврелий тарапынан Оппиан атты ақынға берілген. Оның балық аулау мен аңшылық туралы дастанының әрбір жолы 1 алтынға бағаланған. Екі дастаны 20 мың бәйіттен тұрады.
Ең танымал кітап кейіпкері
Гиннестің рекодтар кітабына енген ең танымал кітап әрі фильм кейіпкері - Шерлок Холмс. Атақты із кесуші туралы 4 роман және 56 қысқа әңгіме жазылған. Ал кино саласында Шерлокты 75-ке тарта актер сомдаған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #кітап #кітапхана #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz