RU
Толық нұсқаға өту

Британдық ғалымдар ғарышта тамақ өндіреді

23.04.2025, 08:25 582

Британдық ғалымдар ғарышта азық-түлік өндіруге ниетті. Қазір олар зертханада өсімдіктің ғарышта қалай өсетінін тексеріп жатыр.

Тәжірибе барысында жасушалардан ақуыздар, майлар мен көмірсулар алынып, кейін олардан астронавтар өздеріне тамақ әзірлейді. Мәзірі де жасалған. Жобаны Еуропа ғарыш агенттігі қаржыландырады. Мұндағы мақсат - ғарышкерлерге кететін шығынды азайту. Өйткені ғарышқа азық-түлік жеткізу қымбат - дейді мамандар. Бір астронавтың бір рет тамақтануына 10 мың доллардай жұмсалады. Бұл біздің ақшаға шаққанда 5 млн теңгеден асады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz