RU
Толық нұсқаға өту

Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен жарақат алғандар саны 230-дан асты

24.04.2025, 08:06 598

Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 236-ға жетті.

Көп адам ғимараттың жоғарғы қабатынан секіріп, жарақат алған. Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Кеше Ыстанбұлда 6,2 балдық жер сілкінісі болды. 13 секундтық тербелістен кейін дүмпу тағы 200 рет қайталанған. Зілзала ошағы қала маңынан 80 шақырым жерде тіркелді. Опат болғандар туралы және ғимарат қабырғалары бүлінді деген ақпарат жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz