Рим папасының қазасынан кейін Италияда туристер үшін шектеулер енгізілді. Ватикандағы Әулие Пётр шіркеуіне экскурсиялар ұйымдастырылмайды.
Өйткені мұнда қазір Францисктің сүйегі жатқандықтан, онымен қоштасуға келіп жатқандар қарасы қалың.
Алдағы уақытта Сикстин шіркеуіне де кіруге болмайды. Мұнда жаңа понтификті таңдау бойынша дауыс беру өтеді. Ал оның қанша уақытқа жалғасатыны белгісіз. Қауіпсіздік шарасының күшейтілуіне байланысты саяхатшылар арасында танымал орын - Ватикан бақшаларына да кіру уақытша шектелді. Жергілікті дүкендер мен мейрамханалар да жабық болуы мүмкін. Сондай-ақ Римде қонақ үйлер мен әуе билеттерінің бағасы өсетіні ескертілді. Өйткені қазір понтификпен қоштасу үшін Римге келіп жатқан адам көп.
Тегтер #Италия #саяхатшылар #шектеу #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz