Достық, ынтымақ, бірлік.
Жер шарының қай түкпіріне барсаңыз да, біртұтас ел емес, әралуан ұлттардан құралған халық өмір кешіп жатыр. Адам баласының тілі, дәстүр салты өзге болғанмен өсер елдің баласы бейбіт өмір салтын ұстанады. Соның арқасында береке тауып отыр.
Түрлі ұлт. Түрлі өмір дағдысы болғанмен бейбітшілік маңызды. Бұл орайда халықтың бірлігін сақтап отырған елдер ғана озық тұр. Енді осыдан туындайтын сұрақ, әлемде көпұлтты мемлекеттер қайсы? Олардың тілі, дәстүрі қаншалықты сақталған?
Әлем бойынша түрлі ұлт өкілдерінің ең ірі шоғыры Үндістанда. Бұл елде 2 мыңнан астам этникалық топ бар. 20-дан астам ресми тіл, мыңға жуық диалект қолданады. Ал Ресейде 190-нан астам ұлт мен этнос өмір сүреді. Федерация құрамында 20-дан астам ұлттық республика бар. Татарстан, Башқұртстан, Шешенстан т.б. АҚШ-та 37 этникалық топ бар. Қытайда 50-ден астам ресми танылған этнос өмір сүреді. Бразилияда африкалық, еуропалық және жергілікті үндістердің ұрпақтары өмір сүріп жатыр. Индонезияда 300-ден астам этникалық топ, 700-ден астам тіл мен диалекті бар. Ал Канадада екі ресми тіл бекітілген.
Канада – нағыз иммигранттар елі. Бір ғана Торонтода 200-ден астам түрлі ұлт өкілі тұрады. Олар 140 түрлі тілде сөйлейді. Саяхаттап бара қалсаңыз, бірден бірнеше елдің мәдениетімен танысуға болады. Өйткені Чайнатаун, Гриктаун, Ронсесвальес Вилладж, кішкентай Италия және Үндістан сынды бөлек аудандар бар. Жалпы, Ел Конституциясы көпмәдениеттілікті ресми саясат ретінде таниды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында түрлі этностардың мәдениеті мен тарихына құрмет көрсетіледі. «Multicultural Day» немесе «Heritage Week» деген апталықтар өтеді. Онда студенттер өз ұлттарының киімін киіп, мәдениетін таныстырады. Канадалықтар көпмәдениеттілікпен мақтанатын халық. Тіпті елде екі ресми тіл бар. Ағылшын және француз. Француз тілді провинция – Квебек – ерекше мәдени автономияға ие.
Сондай-ақ елде жыл сайын түрлі ұлттың ұлттық мерекесін атап өтеді. Мәселен, үнділердің Дивалиі «Жарық» мерекесі, қытайлардың Жаңа жылы, пәкістандықтардың Ид-әл-Фитр, Ид-әл-Адха мерекелері, филиппиндердің Симбанг Габи, Синулог фестивалі, қазақтардың Наурыз мейрамы өте танымал.
Халықаралық диалог пен дипломатия, этносаралық келісім саясаты, мәдениет пен білім арқылы бірін-бірі тану. Мұның барлығы ұлтаралық татулықты сақтаудың маңызды тетіктері. Әлемде бет-жыртысып, бір территорияға сыймай кеткен араз ел көп. Мәселен, бір кезде біртұтас ел болған Югославия ұлтаралық, діни және саяси себептермен 6 мемлекетке бөлінді. Нәтижесінде Словения, Хорватия, Босния, Сербия, Черногория, Косово пайда болды. Осы секілді, Судан мен Оңтүстік Судан, Үндістан мен Пәкістан екіге бөлінген. Бір ұлт, салт-дәстүрі бұзылмаған Кореяңыз да екі мемлекет болып, бір-біріне жауығып отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - Мемлекеттік деңгейде арнайы құрылым ретінде заңмен бекітілген; Ел бірлігін сақтау саясатының басты бөлігі. Осы секілді саяси, мемлекеттің деңгейдегі органдар бар ма? Басқа елдерде?
Басқа елдерде де ұқсас қоғамдық немесе үкіметтік механизмдер бар, бірақ дәл Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты біртұтас әрі саяси өкілеттілігі бар құрылым өте сирек. Мәселен, Канадада Министрлік деңгейінде Мәдени мұра және көпмәдениеттілікке жауапты құрылымдар бар. Онда этностардың өз мәдениетін сақтауына мемлекеттік қаржылай көмек көрсетіледі. Бірақ бір орталықтандырылған ассамблея жоқ. Сондай-ақ Малайзияда, этносаралық қарым-қатынасты реттейтін арнайы Бірлік министрлігі бар. Ресейде «Дом дружбы народов» деп аталатын мәдени орталықтар жұмыс істейді. Оңтүстік Африкада ұлттар мен мәдениеттердің құқығын қорғайтын арнайы комиссия бар.
Тегтер #ұлттық құндылықтар #шартарапPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz